Тұрақты ток релесі

РЕЛЕНІҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ ПРИНЦИПІ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ

Тұрақты ток релесі әрекет ету принципі бойынша электрмагниттік болып табылады, ал конструкциясы бойынша келесі түрлерге бөлінеді.

НКШ, НШ, АНШ бейтарап релелері – бір зәкірі бар екі позициялы реле, ол орауыш бойынша кез келген бағытта тұрақты ток өткен уақытта орауыш полюстарына тартылады, яғни бұл релелер тұрақты токтың полярлығына бейтарап болып табылады.

1-сурет - НКШ релесі

Бұл релелердің барлығы сенімділіктің І класына жатады және қалыпты және баяу әсер ететін болуы ықтимал.

Бейтарап кіші габаритті штепсельді реле НКШ (1-сурет, а) өзектен 4, оған киілген орауыштардан 5 және 6, Г-тәрізді мойынтұрақ 2 пен қарсы салмағы 3 бар зәкірден 7 тұрады. Зәкірдегі қола таяныш 8 оның жабысуын болдырмайды, себебі ол зәкірдің тартылған күйде өзек 4 полюсіне тиюіне кедергі жасайды. Екі тартқышы 9 бар зәкір түйіспе жүйені басқарады. Фронт түйіспелері (Ф) 1 күміспен толтырылған көмірден дайындалады, ал жалпы түйіспелер (Ж) 11 мен сыртқы түйіспелер (С) 10 күмістен жасалады. Материалдардың мұндай үйлесімі фронттық және жалпы түйіспелердің олар арқылы үлкен ток жіберген уақытта пісуін болдырмайды.

Реле орауыштарында ток болмаған жағдайда зәкір мойынтұрақтың салмақ күшінің әсерінен төмен түскен және жалпы түйіспелер сыртқы түйіспелермен тұйықталған. Реле орауыштары бойынша кез келген бағытта тұрақты ток өткен жағдайда болат өзекте магнит ағымы пайда болады, ол мойынтұрақ пен зәкір арқылы тұйықталады. Өзек магниттеліп, реле зәкірі оған тартылады, тартқыш 9 жоғары жылжиды және жалпы 11 және фронт түйіспелерін 1 тұйықтап, сыртқы түйіспелерді 10 ажыратады.

Егер орауыштан өтіп жатқан токты токтатсақ, магниттік ағын жоғалады, зәкір түседі, фронт түйіспелері ажырайды, ал сыртқы түйіспелер тұйықталады.

Реле мен оның түйіспелерінің шартты белгісі, сонымен қатар, түйіспелер-дің нөмірленуі 1,б-суретте көрсетілген.



Жаңа РЭЛ электрмагнит релесі де (электрмагниттік ленинградтық реле) сенімділігі І класты релеге жатады. НКШ релесімен салыстырғанда жаңа реленің коммутациялық ресурсы жоғары, дірілге төзімділігі жоғары, өлшемі мен массасы аз. Таған немесе реле шкафында жаңа реле НКШ релесімен салыстырғанда екі есе аз орын алады. Бұл тағандар санын қысқартып, реле жайларының ауданын азайтуға мүмкіндік берді.

РЭЛ релесінің (2-сурет) екі тәуелсіз орамасы бар, олардың әрқайсысы әр түрлі өзектерге орналастырылған екі орауыштан тұрады. Реленің магниттік жүйесі тармақталған, зәкір 5, мойынтұрақ 1 пен екі өзектен 11 тұрады. Өзектердің әрқайсысына екі орауыштан орнатылған. Зәкір мойынтұраққа қапсырма 6 арқылы бекітілген және реле жұмыс жасаған уақытта еркін айнала алады. Зәкірге қола пластина 4 бекітілген, ол зәкір мен екі өзек арасындағы саңылауды қамтамасыз етеді. Зәкірге салмақ қосу үшін екі жүк 3 бар, жүктер зәкірге тақтайшаның 7 иілісі арқылы бекітіледі.

2-сурет - РЭЛ релесі 3-сурет - Импульстік реле

Түйіспелік жүйеде тәуесіз сегіз түйіспе бар. Әрбір ауыстырып қосушы түйіспе фронттық 8, жылжымалы 9 және сыртқы 10 түйіспелерден тұрады. Түйіспелік жүйе мойынтұраққа бекітілген жеке торап түрінде орындалған. Түйіспелер бір қатарға орналастырылған. Реле мөлдір қалпақпен жабылған және пломбаланған.

ИМШ полярланған релелері – екі позициялы релелер. Олардың магниттік жүйесінде тұрақты магниті бар, оның әсерінен зәкір реле орауышындағы ток бағытына байланысты бір күйден екінші күйге ауыстырылып қосылады.



ИМШ релесі жылдам әрекет етеді және сенімділігі ІІ класқа жатады. Олар импульстік жұмысқа арналған, магниттік жүйесі зәкірді бейтарап реттеу және басымдылыққа реттеу арқылы орындалуы мүмкін, яғни ток өшірілген жағдайда ол бастапқы күйге келеді.

Полярланған импульстік реле автоматика мен телемеханика құрылғыларында кеңінен қолданыс тапқан, себебі оның сезімталдығы жоғары және ток импульстерінен жұмыс жасау жылдамдығы жоғары. Импульстік релелер магниттік жүйедегі зәкір орнын реттеуге байланысты бір немесе бірнеше бағыттардағы токтардан жұмыс жасайды, яғни ток бағытын талғайды.

Импульстік кіші габаритті реле ИМШ (3,а-сурет) полюстік жалғамалары 5 мен зәкірдің жылжуын реттеуге арналған бұрама түріндегі екі жұп полюстік ұштықтары 3,4 және 6,8 бар тұрақты магниттен 10, ішіне жеңіл зәкір 2 орналастырылған және астыңғы жағынан металл негізге 1 бекітілген орауыштан 9 тұрады. Түйіспелік жүйе жылжымайтын қалыпты Қ, ауыстырыл-ған А және жылжымалы жеті түйіспеден тұрады. Зәкір мен түйіспелерді ауыстырып қосу орауыш арқылы ток импульсі өткен уақытта орын алады.

Импульстік реле мен оның түйіспелерінің шартты белгілері 3, б-суретте көрсетілген, онда реле орамасының плюс шықпасы мен тік полярлық тоғы өткен уақытта тұйықталатын Н түйіспесінің орны тік сызықпен көрсетілген.

Орауышта ток болмаған жағдайда (3,а-сурет) тұрақты магнит туғызатын 10 магниттік ағын Фп. Солтүстік полюстан N оңтүстікке S полюстік ұштықтар 6,8 және 3,4 арқылы өтеді. Магниттік ағынның Фп бөлігі зәкір 2 арқылы өтіп, оны оң жақта ұстап тұрады.

Зәкірі бейтарап магниттік реттелетін реле осылай жұмыс жасайды. Зәкірдің магниттілігі басым реленің жұмысы полюстік ұштықтар (3, 4 және 6, 8) бұрамаларын бейтарап сызықтан жылжыту арқылы ретке келтіріледі.

Бейтарап сызықтан жоғарғы оң жақ және төменгі сол жақ полюстік ұштықтарын алу кезінде сол жаққа басым реттеу орын алады, ал бейтарап сызықтан жоғарғы сол жақ және төменгі оң жақ полюстік ұштықтарды алған уақытта – оң жағы басым реттеу орын алады. Бұл ретте импульстік реле белгілі полярлығы бар импульстерден жұмыс жасайды, және полярлығы басқа импульстер оған әсер етпейді. Импульстік полярлық реленің осы қасиеті тұрақты токтың импульстік рельстік тізбектерінде жол релелерінің шектес рельс тізбектерінің оқшаулаушы түйіспелерінің тұйықталуы кезіндегі жалған жұмысынан сақтау үшін пайдаланылады.

Ауыспалы ток импульстерінің қабылдағышы ретінде ИМВШ релесінің орнына ИВГ релесі кең таралған (түзету приставкалы импульстік, герконды). ИВГ релесінің магниттік жүйесі бейтарап, онда өзектің полюстік ұштығында сынап магнитпен басқарылатын геркон орналастырылған (герметикаланған түйіспе). Геркон шыны баллоннан 5 тұрады, оның ұштарына жылжымайтын 4,3 және жылжитын 7 жалпақ түйіспе серіппелер дәнекерленген. Магнит өрісінің әсерінен жылжымалы түйіспелік серіппе 7 сыртқы 3 түйіспені ажырата, фронттық түйіспені 4 тұйықтай жылжиды. Түйіспе бетке 2 геркон жұмыс істеген уақытта ыжлжымалы түйіспелік серіппе 1 капиллярлары бойынша үнемі сынап келіп тұрады. Түйіспелерді сынаппен ылғалдандыру оларды төмен және тұрақты кедергімен қамтамасыз етеді. Түйіспелік серіппелер герметикаланған және тотықпайды және ластанбайды, сондықтан герконның сенімділігі жоғары. Геркон релесінің іске қосылу саны қарапайым электрмагниттік релемен салыстырғанда ондаған, тіпті жүздеген есе артық.

КМШ, КШ құрама релелер – бейтарап полярланған жүйелі үш позициялы, бір бейтарап және бір полярланған зәкірлері бар релелер. Бұл релелердің бейтарап зәкірі бейтарап релелермен құрылысы мен жұмыс жасауы бірдей, яғни оны ауыстырып-қосу реле орамасындағы тұрақты ток полярлы-ғына тәуелді емес. Полярланған зәкірді бір күйден екінші күйге ауыстырып қосу реле орамасындағы ток бағытына байланысты жүзеге асырылады. Құрастырылған релелерді қоздыру кезінде ең бірінші полярланған зәкір іске қосылады, одан кейін барып бейтарап зәкір тартылады, ал реле орамасындағы ток полярлығын ауыстырған уақытта бейтарап зәкір аз уақытқа түсіріледі.

Құрастырылған релелер сенімділігі І класс релелерге жатады, ал іске қосылу уақыты бойынша – қалыптыларға жатады.

4-сурет - КМШ релесі

Құрастырылған кіші габаритті реле КМШ (4,а-сурет) өзектерге 2 кигізілген екі орауыштан 1 және 4, бейтарап зәкірден 7 және полярланған 5 зәкір байланысқан тұрақты магниттен 3 тұрады. Бейтарап және полярланған зәкірлер тартқыштар 6 және 8 арқылы түйіспелерді ауыстырып қосады. Құрас-тырылған реле мен оның түйіспелерінің шартты белгілері 4,б суретте көрсетілген.

Осы ағындардың айырмашылығына байланысты зәкірді сол жақ өзек ұстап тұрады.

Өзін-өзі ұстайтын құрастырылған СКШ, СКПШ релелері – магниттік жүйелері бар үш позициялы релелер, магниттік жүйелері құрастырылған релелерге ұқсас, бірақ қосымша арнайы бейтарап зәкірді реленің негізгі орауыштарындағы ток бағытын өзгерткен уақытта тартылған күйде ұстап тұруға арналған өзін-өзі ұстап тұратын магниттік жүйесі бар. Бұл релелер сенімділігі І кластық релелерге жатады, ал іске қосылу уақыты бойынша жай әрекет етушілерге жатады.

Өзін-өзі ұстап тұрушы жүйе дегеніміз бейтарап зәкір түйіспелерінің төменгі бөлігінде орналастырылған электрмагниттік реле. Ұстап тұрушы электрмагниттің зәкірі реленің негізгі магниттік жүйесінің бейтарап зәкірімен топса арқылы арнайы тартқышпен байланысқан.

Өзін-өзі ұстаушы құрастырылған реленің жұмыс жасау принципін қарастырайық. Реле орауыштарындағы ток бағыты өзгерген уақытта магниттік ағын өзгереді, соның нәтижесінде қосымша орамада 5 (5,а сурет) э.д.с. пайда болады, ол ұстап тұрушы электрмагнит 1 орауышында 2 ток импульс туғызады. Сондықтан соңғының зәкірі 3 мен онымен байланысты бейтарап зәкір 4 біраз уақыт тартылған күйде ұсталады.

Өзін-өзі ұстаушы құрастырылған реле мен оның түйіспелерінің шартты белгілері 5,б-суретте көрсетілген.

5-сурет - Өзін-өзі ұстаушы құрастырылған реле

КДРШ кодтық релелері – реле орамасындағы ток бағытына тәуелсіз жұмыс жасайтын бір бейтарап зәкірі бар екі позициялы реле. Бұл релелердің сенімділігі төменгі класқа жатады, ал іске қосылу уақыты бойынша қалыпты және баяу қосылатындары болады.

Тұрақты токтың барлық релелерінің кернеуі 12 немесе 24 В электр тізбектерінде жұмыс жасауға арналған.

Аталған реле түрлерінің негізгі электрлік сипаттамалары мыналар: зәкірді тарту кернеуі немесе тоғы, полярланған зәкірді ауыстыру кернеуі, зәкірді түсіру кернеуі немесе тоғы.

КДР және КДРШ кодтық релелері дегеніміз конструкциясы жеңілдетілген тұрақты токтың электрмагниттік релелері. Кодтық релелерде магниттік жүйенің үші түрі пайдаланылады: Г-тәрізді мойынтұрағы 6 бар (6,а-сурет) тармақтал-маған, П-тәрізді мойынтұрағы бар 6 тармақталған (6,б-сурет) және баяу жұмыс жасайтын релелердегі күшейтілген тармақталған.

КДР релесі (6,а-суретті қараңыз) орауыш 4 кигізілген домалақ өзектен 5, мойынтұрақ 6, зәкір 3, түйіспелік серіппелерден 7 тұрады.

Түйіспелерді ауыстырып қосу зәкірмен байланысқан бакелит пластиналар 2 арқылы жүзеге асырылады.

Ток орауыш арқылы өткен уақытта зәкір өзекке тартылады, пластина 2 мен серіппе 1 жоғары көтеріліп, сыртқы түйіспелерді ажыратады, фронттық түйіспелерді тұйықтайды. Токты өшірген уақытта зәкір түйіспелік серіппелер қысымының әсерінен түсіп қалады, фронттық түйіспелер ажырайды, ал сыртқы түйіспелер тұйықталады.

6-сурет - Кодтық реле

КДР кодтық релелері негізінде трансмиттерлік релелер құрыстырылды, олар кодтық автоблоктау мен автоматы локомотивті сигнал беру құрылғыла-рында сигналдық кодтарды рельс тізбектеріне беруге арналған.


6091836789556302.html
6091892331127314.html
    PR.RU™